Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Туыстық қарым-қатынас
31 қаңтар, 2022 жыл 514 Басып шығару нұсқасы

«Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ», бала күнінде бір көрпенің астына сыйған туғандар, әр-қайсысы бір-бір отбасы құрғаннан кейін тұрмыстың талабымен, тірліктің ыңғайымен жан-жаққа тарап кетуі заңды нәрсе. Келе-келе олар «қазаны басқаның қайғысы басқа» болып, әр кім өз отбасының әбігерімен болып кетеді – екен. Содан көзден кеткен көңілден де кетеді дегендей болады. Алайда Алланың «туыстық қарым-қатынасты үзбеңдер» деген бұйрығын ұмытпайық ағайын.

Ай көрмесе ағайын жат

Жыл көрмесе жекжат жат

Адамға ұмытшақтық тән қасиет, ұзақ уақыт көріспеген адамдар, бір-бірін іздемек түгілі, бар екендігін ұмытып та кетеді.

«Бала бірте бірте алыстай береді, әкесін әке емес жай ғана таныстай көреді» – деп ақын Қадір Мырза Әлі айтпақшы, бүгінгі жақын дегендерің бір күні жат болып кетуі оп-оңай, содан «ағайын ащы, мал тұщы» деп отырғаныңды бірақ байқайсың.

 Сондықтан жақын туыстар көбірек араласып, жиі-жиі қонаққа шақырысып тұрғандары жөн. Себебі Алла Тағала қасиетті Құранда:

 

وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي تَسَاءَلُونَ بِهِ وَالْأَرْحَامَ  إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيبًا

 

«Алладан қорқыңдар, туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Алла сендерді бақылап тұрушы», («Ниса» сүресі, 1-аят) - деп бұйырады.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, қонағын сыйлап, құрметтесін. Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, туысқанымен қарым-қатынасын үзбей, жалғастырсын. Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» (Бұхари, Мүслім)  – десе, тағы бір хадисте:

Пайғамбарымыз  : «Кім ризық-несібесінің көбеуің және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатнасын күшейтіп, оған қарайлассын» (Бухари)- дейді.

 

Ағайындар бірінің-бірі жамандығын жасырып, жақсылығын асырып жүруі керек.  Ақын-әулие бабамыз Мәшһүр Жүсіп:

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,

Алыстамай айналып, жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,

Еркелетіп, бетіңнен қақпайтын да ағайын, – деп, ағайында болуы керек жақсы қасиетті жырлаған екен.

«Ағайын-мен жауласпа – басың азаяды, Көршіңмен дауласпа – асың азаяды», «Ағайын — ағайынның айнасы», «Ағайын бірде араз, бірде тату», «Ағайында өкпе бар да кек жоқ», «Ағайынның азары болса да безері жоқ», «Ағайынмен ішкен ас тәтті», «Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берер сазайды», «Ағайыңды өкпелеткеннің үні іриді», «Туғаныңмен туыспасаң кең дүниеге сыйыспассың», «Ағайын тату болса ат көп, Абысын тату болса ас көп» - деген асыл сөздерді естен шығармайық!

 

Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы 

Жезқазған қалалық мешітінің наиб имамы Әнуарбеков Мейіржан.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары