Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Періштелер қай тілде сөйлейді?
26 қаңтар, 2022 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Сұрақ: Періштелер қай тілде сөйлейді?

Жауап: Періштелер нұрдан жаратылған. Осындай жаратылыс ерекшелігі үшін, олар бір уақытта көптеген жерде бола алатыны секілді, бір уақытта көптеген тілде де сөйлей алады.

Хазіреті Жәбірейіл (ғ.с.) Арштың астында Аллаға сәжде жасап жатып, сонымен бірге Дихья кейпінде болып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) мәжілісіне қатысқан. Сонымен бірге Жәбірейіл (ғ.с.) Мұсаға (а.с.) Тәуратты яһуди тілінде, Исаға (ғ.с.) Інжілді сурияндық тілінде, Мұхаммедке (с.ғ.с.) болса, Құранды араб тілінде алып келген.

Демек, ол осы тілдердің барлығын білген және түрлі тілде түрлі пайғамбарлармен сөйлесе алған.

Біздің рухымыз көз арқылы барлық түстерді көріп, ажырата алады, құлақ арқылы барлық дыбыстарды қабылдай және ести алады. Ол бір түсті және бір дыбысты ғана емес, барлық түстер мен барлық дыбыстарды таниды. Осы қасиетті берген Алла тағаланың, періштелеріне де барлық тілді, қимыл-қозғалысты, сөйлеуді, мағынаны білу қабілетін беруінде де бір хикмет бар.

Сондай-ақ түсімізде ғана көрген, тілін білмейтін бір адаммен сөйлесу бізге еш қиынға соқпайды. Мұндай ерекшелікті бізге түс әлемінің өзінде нәсіп еткен Алла Тағала, қызметшілері болып табылатын періштелеріне барлығын түсінетін және әр нәрсеге өз орнымен, сәйкесінше әрекет ететін қасиет берген.

Демек, періштелерде тілге байланысты қиындық туындамайды. Олар өздеріне Алланың тарапынан қандай тапсырма берілсе, соны кіршіксіз орындайды.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары