Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан мәңгілікке харам саналатын әйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен және отау құру себебімен үшке бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған:
«Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңілілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып қойған әйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді. Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен әйелдеріңнің қыздарына үйленеңдер күнә болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену һәм апалы-сіңілі екі қызды бірдей әйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дәуірінде) болған іс болды. Расында, Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 23-аят).
Осы аятта айтылғандарды жеке-жеке қарастырсақ:
Аналары: өзінің туған анасы, әжелері.
Қыздары: туған қыздары, немере-шөберелері.
Бауырлары: туған, бір әке, бір анадан туған бауырлары
Әке жағынан қарындастары, нағашы әпке қарындастары.
Ер жігіт сүт анасымен және оның қыздарымен үйлене алмайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жайында былай деген:
«Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады» (Бұхари, Шәһәдәт, 7)
Міне осы жоғарыдағы топтарда айтылғандар мәңгілікке бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар. Ал енді бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар.
«Исламдағы жанұя»
Пікірлер