Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сахабалардың құлшылыққа деген ықыласы қандай еді?
22 қараша, 2021 жыл 10 Басып шығару нұсқасы

Сұрақ: Сахабалардың құлшылыққа деген ықыласы айрықша болған дейді. Осы жайында айтып берсеңіз.

Жауап: Исламның шартарапқа таралуына сахабалардың тікелей қатысты болғандықтан исламды және тарихын тілге алған уақытта сахабалардың есімдері, ғибратты әңгімелері жиі кездеседі. Олардың ұрыс алаңындағы арыстандай батырлығы, қайырымдылық жолындағы жомарттығы, құлшылықтағы ықыласы кейінгі буын үшін үлгі-өнеге екені анық. Өйткені олар пайғамбардың (с.ғ.с.) үзеңгілестері, яғни ол кісінің көзін көрген, тәрбие алған және т.б. Сол үшін пайғамбар (с.ғ.с.) олардың әрбірін аспандағы жұлдызбен теңеген.

Ал енді сахабалардың құлышылық жасаудағы ықыласы мен ыждаһатына келсек, онда бірнеше мысал келтіруге болады.

Сахабалардың Алладан қорқып жас төккені турасында А′то ибн Раббах: «Мен, Абдуллаһ ибн Амрге сүрме жасаушы едім. Себебі ол түн мезгілінде шамды өшіріп көздері ісіп кеткенше жылайтын еді», – деген.

Абдуллаһ ибн Убайдуллаһ ибн Омар өзінің әкесі жайында: «Ол Алла тағаланың: «(Мұхаммед (с.ғ.с)) әр үмбетке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?» (Ән-Ниса: 41) деген аятын оқып көп жылар еді. Тіпті оның жылағаны сонша сақалы мен киімі су болатын», – деген риуаятты жеткізген.

Сондай-ақ Алладан шынайы қорыққан сахаба туралы Нәфиғ: «Егер Ибн Омар Алланың «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен ақиқатқа жібімей ме» (Әл-Хадид, 16) деген аятын оқитын болса оның көздері жасқа толатын», – деп айтқан.

Ибн Аббастың қасында жүрген Әбу Ражағ мынадай оқиғаны баяндаған: «Мен Ибн Аббастың көздерінің астынан көп жылауының әсерінен қатты қыртыстарды көрдім», – деген. Ал енді Кәғб әл-Ахбар: «Мен үшін Алладан қорқып жылау ісі – өзімнің салмағымдай алтын садақа таратып бергеннен қайырлы», – деп айтқан.

Осы сияқты Аллаға ықыласпен құлшылық қылған көптеген басқа да риуаяттарды келтіре беруге болады. Анығы сол, құлышылықты кім қылса да ықыласты болуы шарт.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары