Егін егіп, түскен өнімді күнкөріс етіп жүрген егінші соқа тартып жүреді. Сол жерден өтіп бара жатқан елдің патшасы өзін ған таныстырғаннан кейін былай деп хал сұрасты:
* Тұрмыс жадайың қалай? Тапқан табысың жанұяңды асырап – бағуға жете ме?
Егінші былай деп жауап берді:
* Иә, қадірлі падишам! Еткен еңбегім, күнделікті күнкөрісіме де, өткен қарыздарымнан құтылып әрі келешек өміріме де аздап азық дайындап жүрген жайым бар.
Оның берген жауабы патшаны таң қалдырды. Егіншіліктен түсетін пайданың жайы белгілі. Бұл қалайша мұның барлығына жеткізіп, үлгеріп жүр. Ол мұның сырын үйренгісі келіп тағы сұрақтың астына алады:
* Егіншіліктен түскен өнімнің күнделікті күнкөріске жететіні белгілі. Бірақ қарыздарыңды өтеп, келешек өміріңе азықты қалай жеткізіп жүрсің?
Сонда егінші мәнісін былай түсіндіріп берді:
* Мырзам қарызымды өтеймін дегенім, жасы келген ата-анама қараймын дегенім. Олар бізді бағып-қағып өсірді. Енді кезек бізге келді. Келешек өмірімнің азығын дайындап жүрмін дегенім, балаларымды бағып-қағып, оларды өмірлік күреске дайындап жатырмын деп айтпақ едім. Біз үшін ең қайырлы азық оларға жақсы тәрбие беру емес пе?
Оның тапқыр ойына патша дән риза болды. Сөйтіп егіншіге бір кесе алтын беріп үлкен тарту-таралғы жасады.
«Өмірдің үзік сырлары»
Пікірлер