Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Анасын сағынған баланың әрекеті...
09 қазан, 2015 жыл 741 Басып шығару нұсқасы

Жұма намазын оқығалы тұрғанбыз. Оң жағыма тұрған қарияның жанында бір кісілік орын бос қалған болатын. Қария парызды оқуға тұрған кезде артына қарады да бос жердің тұсындағы 14-15 жасар балаға:


* Сапты толтыра ғой балам. Кел енді, - деді.


Бала орнынан қозғалғысы келмей, жалынышты үнмен:


* Осы жерде оқығым келіп тұр, ата. Басқа біреу өтсінші, - деді.


Оның сөзіне ашуланған қария, бала тұрған жасыл кілемді көрсетіп тұрып:


* Не болды? Ол жер жұмсақ болған соң келмей тұрсың ба? – деді де тағы да ашу шақырып:


* Жетім қозы секілді сызыла бермей келсеңші енді...


Намаз оқып болған соң, әлгі қарияға жұмаңыз қабыл болсын, деп дұға тіледім. Артындағы бала да оған ерекше құрмет көрсетіп, екі қолдап қолын алды. Оның бұл әрекетін көргенде қария айтқан сөздеріне қатты өкініп, баланың басынан сипап тұрып:


* Саған «жетім қозы» дегенім үшін кешірім сұраймын, балам. Ашумен аузымнан қалай шығып кеткенін байқамай қалдым, - деді.


Сол кезде баланың көзіне жас үйірілді. Басын жерге қаратып тұрып:


* Сіздің сөзіңіз орынды еді ата. Менің кеткім келмей тұрғанымның себебі бар еді. Анам дүниеден өткенде, сол кілемге орап ақтық сапарға шығарып салған болатын. Мен сол жерге сәждеге жығылғанда, мені анам құшағына алғандай күй кешкендей болдым...


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары