Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кішіпейілділік
07 қыркүйек, 2022 жыл 1009 Басып шығару нұсқасы

Барша өмірін Исламның негіздеріне сай қалыптастыра білген дана халқымыз «Ұлық болсаң, кішік бол» деп тура сөз айтқан. Расында кішіпейілділік – мұсылманның мақтаулы қасиеті.

Имам Муслимнің хадистер жинағында адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мынадай сөзі жетеді: «... Алла кешірімшіл пендесін ардақты етіп, кішіпейіл құлының мәртебесін жоғары етеді». Осындай ізгі қасиетті Алла тағала да Құран Кәрімде хас құлдардың сипаты ретінде былай баяндайды: «Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайлықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда (наданмен надан болмай) оларға Аман болыңдар деп өз жөнімен кете береді» (Фурқан сүресі 63 аят).

Кішіпейілділік жасы кіші адамға мейіріммен, құрметпен қарауды талап етеді.  Расында, тәкәппарлық қасиеті Ібілісті жәннаттан шығарған, сондықтан да жасым үлкен, жолым үлкен даңдайсынбай, жөнімен әрекет ету керек. Кішіпейілдік қасиеті болса адам баласының мәртебесін өсіріп, оны жәннатқа жетелейді.

Адам бойындағы қарапайымдылық, кішіпейілділік барлық іс-әрекетінен байқалып тұрады. Адамның қимыл-қозғалысын, өзін ұстауын, мінез-құлқын, тәртібін, сөзін, киген киімін аңдап қарасақ болғаны оның ішіндегі жақсы-жаман қасиеттері аңғарылып тұрады. Бұдан бөлек, өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, басқалардан ерекшеленуге әрекеттенбеуден, өзінің жетістігін дабыраламаудан да кішіпейілділік көрініс табады. Кішіпейіл адамның сөзі де ұстамды келеді.

Бұл қасиеттің аса ардақты болуының негізгі себебі, кішіпейілділік болған жерде адам баласында тәкәппарлық пен менменсіну сияқты жаман қасиеттер болмайды. Соны білген дана халқымыз «Жемісті ағаш иіліп тұрады» деп, кішіпейіл адамды жемісті ағашпен сипаттайды.

«Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» - деген халқымыз осы қасиетті ұстанымнан алыстап бара жатқаны көрінуде. Рухани құндылықтары таяз, моральдық принцептері жұқарған батыс елдеріне еліктеушілік халқымызды жақсы құндылықтардан, «жақсы адам болу» деген түсініктен ажыратып, еліміздің іргесін ыдыратып жатыр.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің ұлы миссиясы туралы: «Расында, мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім» – деп түсіндірген. Пайғамбарымыз мен сахабаларымыз билік етіп тұрған кезеңдерде де олар адамдармен қарапайымдылықтың шекарасынан аспай қарым-қатынас жасаған. Осылайша олар өздері айтқан дана сөздерге амал етулері арқылы бізге  таптырмас үлгі бола алды.

Кішіпейіл болу – Алла Тағаланың бізге өсиет еткен ұлы құндылығы. Сол құндылықты ел болып сақтап қалуды Алла тағала баршамызға нәсіп етсін.

 

 

Әнуарбеков Мейіржан

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы»

мешітінің найб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары