Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НАМАЗҒА КЕШІГІП ҚОСЫЛҒАН АДАМ НЕ ІСТЕЙДІ
23 қазан, 2021 жыл 316 Басып шығару нұсқасы

Ханафи мазхабында бес уақыт парыз намазды жамағатпен оқу бекітілген сүннет. Кісі мешітке келгенде имам намазды бастап кеткен болса бірден имамға ұйып кетуі керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) былай деді: إذا سمعتُم الإقامةَ فامشُوا إلى الصلاةِ وعليكم السَّكينةَ والوقارَ ولا تُسرِعوا ، فما أدركتُم فصلُّوا ، وما فاتَكم فأتِمُّوا «Қаматты естіген кезде намазға жай жүріспен жүріп келіңдер! Байсалды, сабырлы болыңдар! (Тезірек жетіп имамға ұю үшін) асығып жүгірмеңдер! Қанша мөлшеріне үлгерсеңдер, соны имамға ұйып оқисыңдар. Үлгермей қалған ракаттарды (имам сәлем бергеннен кейін) толықтырасыңдар»[1].  Алайда, таң намазының сүннетін оқымаған адам, мешітке келгенде имам намазды бастап кетсе, имамның сәлеміне дейін үлгеретініне сенімді болса, алдымен сүннетті оқып алады да, сосын жамағат намазына қосылады[2].     Имам рүкуде тұрғанда кешіккен адам имамға тік тұрған күйі тәкбір алып ұяды. Сосын рүкуге жығылады. Егер имаммен бірге рүкуде бір тасбих бойы тұрса онда сол ракатқа үлгерді. Ал имам көтеріліп бара жатқанда ілессе ол ракағатқа үлгермеген болады[3]. Кешігіп қосылған кісі бір ракағатқа үлгермеген болса, намаздың соңында имам екі жаққа сәлем бергенін күтеді. Имам сәлем бергенде (өзі сәлем бермей) орнынан тұрып қалып қойған ракағатын өтейді. Жіберіп алған ракағаты бірінші ракағат болғандықтан сана дұғасын оқып, фатихадан соң қосымша сүре қосып қирағатты жасайды және ары қарай намазын оқып бітіреді. Намазға кешіккен кісі төрт ракағаттық намаздың соңғы екі ракағатына үлгерсе, өтейтін екі ракағатта қосымша сүре оқиды. Бірақ сол екі ракағатының ортасында отырыс жасамайды. Ал ақшам намазының екі ракағатына кешіксе, әр ракағатында отырады. Кешігіп қосылған кісі төрт ракағаттық намаздың соңғы ракағатына үлгерсе, имамның сәлемінен кейін, өтеп жатқан бірінші ракағатында фатихадан соң зам сүре оқиды және сәжедеден кейін ат-тахиятқа отырады. Себебі имаммен бір ракағат сосын өзі бір ракағат оқыды. Әр оқылған екі ракағатта ат-тахиятқа отыру уәжіп. Сосын орнынан тұрып фатихамен қосымша сүре оқиды. Бірақ сәждеден соң отырмай соңғы ракағатына тұрып тек фатиха сүресін ғана оқиды. Соңынан ақырғы отырысқа отырып ат-тахиятпен салауат және дұға оқып, сәлеммен намазын аяқтайды. Ұйыған  кісі намаздың барлық ракағатына кешіксе, имамның сәлемінен соң орнынан тұрып намазды жалғыз оқығанда қалай оқыса солай намазды өтеп шығады[4].   Елбек Тасболатұлы Павлодар бойынша пәтуаға жауапты имам. [1] Ал-Бухари, 636- халис. [2] Радду ал-муһтар 4 том, 401 бет. [3] Марақи ал-фалах, 175-176  бет. [4] Радду ал-муһтар, 3- том, 637-652 бет. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=1062

http://fatua.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары