Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қоршаған ортаны қорғау
20 қазан, 2021 жыл 193 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді мұсылман үмметінен еткен, бізге әр сәт қаншама нығметке бөлеп отырған Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! “Тірі Құран” бола білген, мінезі көпке үлгі болған сүйікті Елшімізге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шексіз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Мұсылман адам Алла Тағалаға иман келтіріп, Исламға бет бұрған алғашқы сәтінен бастап табиғатты сүйіп және қорғауды үйренеді. Бала кезінен бастап дәрет алу тәртібін үйрене бастасымен , суды ысырап етпей, су көздерін ластамауды санасына сіңіреді.

Аспан мен жер, теңіз бен тауларды адамзаттың пайдасы үшін жаратты. Бұл жөнінде Алла қасиетті Құранда былай дейді: “Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші” (Бақара сүресі, 29-аят).

Алла адамзат пен табиғаттың арасында тығыз байланыс орнатып, табиғатқа зиян тигізбеуді бұйырды. Алла Тағала “Ағраф” сүресінің 56-аятында былай деген: “Әрі жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзу-бүлдірушілік істемеңдер. Одан (Алладан) қорыққан күйде әрі үмітпенен тілеңдер. Негізінде, Алланың мейірімі жақсылықты ықыласпен істеушілерге жақын”.

Адамзатқа осындай көптеген нығметтерді берген Аллаға шүкірлік айтып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мұсылманның міндеті болып саналады. Себебі жоғарыда келген аяттардың мағынасына үңілсек, табиғаттың адам үшін жаратылып оның иелігіне берілгенін байқаймыз.

Қоршаған орта адамның психологиясы мен көңіл-күйіне әсер етеді. Әрбір адам таза табиғаттың көркем көріністеріне тамсана қарау арқылы жүрегіне тыныштық, өміріне қуаныш ұялатады. Экологияны ластап, табиғатқа зиян келтіру адамзатқа кері әсерін тигізеді. Ғалымдар депрессия мен психологиялық аурулардың жайылуын табиғаттың ластануы мен экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуымен байланыстырады.

Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау, оны таза ұстап, адам өмірінің бір бөлігі екенін түсініп, оған қиянат жасамау - әрбір мұсылманның міндеті болып саналады.

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары