Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымды сағындым
14 қазан, 2021 жыл 180 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед,) «Егер сендер Алланы сүйетін болсаңдар, менің соңымнан еріңдер, сонда Алла да сендерді сүйіп, күнәларыңды кешеді. Алла аса кешірімді, ерекше мейірімді» деп айт» («Әли Имран» сүресі, 31-аят), «Егер де сендерге әке(-шеше)лерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, руларың, жиған мал-дүниелерің, зиянға ұшырайды (банкрот болады) деп абыржыған саудаларың Алла және Оның елшісінен артық болса, Алла өз ісін (жазасын) әкелгенге дейін күтіңдер. Алла күнәһар топты тура жолға салмайды» («Тәубе» сүресі, 24-аят), – дейді.

Бұл екі аят дінімізде Жаратушыны сүю негіздерінің бірі болып есептеледі. Жаратқанды сүюдің белгісі, жоғарыдағы аятта айтылғандай, Оның елшісіне бағыну. Ал, пайғамбарға бағыну үшін оны тануымыз керек. Оны таныған сәтте ерекше көркем мінезінің алдында бас иіп, оны сүймеу мүмкін еместігін түсінеміз. Бұдан келіп туындайтын нәтиже: Алланы сүю дегеніміз пайғамбарды сүю. Көзімізбен көре алмаған Алланы сүю деректі пайғамбарды сүюмен іске асады. Міне, осылайша, пенде Алланы шын мәнінде сүйетіндігін дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл айтылған ойды тек қана пайғамбарды сүйсе жеткілікті, Алланы арнайы сүюдің қажеті жоқ деп түсіну қате екендігін айта кеткен де жөн. Біздің айтпақ болғанымыз, пайғамбарды сүю Алланы сүюге жетелейді деген ой ғана.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахаба Әнас ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етілген хадисінде былай дейді: «Кімнің бойында (мына) үш қасиет табылса, иманның дәмін (хадисте «тәттілігін» деп өтеді) татқан болады: оған Алла және оның елшісінің өзгелерінен артық болуы, адамды Алла үшін сүюі және күпірлікке қайтуды отқа тасталуды жек көргендей жек көруі.

Мұхаммед пайғамбарды (сас) сүю Оған салауат айтумен көрініс табады. Құран Кәрімде: «Расында, Алла және оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Ей, иман келтіргендер, Оған салауат айтыңдар және көркем түрде сәлем беріңдер» («Ахзаб» сүресі, 56-аят), – делінген. Намаз оқушының әр намазда айтатын салауаты да Пайғамбарымызға (сас) құрмет болып саналады. Пендешілікпен уақытымызды өткізіп аламыз. Жұмыс барысында тіліміз босай қалса салауат айтуды дағдылану үлкен жетістіктерге жеткізеді. Сондықтан, әрдайым тілімізді зікір мен салауат айтып жүруге дағдыландыруымыз қажет. Күндердің күнінде Алланың Елшісі (с.ғ.с.) намаздан кейін Аллаға мақтау (хамд) айтпай, елшісіне салауат оқымай, дұға жасаған адамды көріп, «Бұл адам асықты», – деді дағы, әлгіні жанына шақырып, оған былай деп айтты: «Іштеріңде біреуің дұға ететін болса, алдымен Аллаға мақтау айтсын, сосын Пайғамбарына салауат оқысын. Одан кейін қалағанынша дұға етсін» (Тирмизи).

Алла қаласа 18-нен 19-на қараған кеште «Мәуліт» мерекесі кіреді. Сол күндерде көптеп салауат айтып, Алла Елшісіне шынайы махаббатымызды жеткізіп қалайық. Расында біз Пайғамбарды (сас) өте қатты сағындық!

 

 

Валиев Ахмадулла

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары