Алла Тағалаға үздіксіз дұға жасау қажет. Алла сөзсіз дұғаларға жауап беруші. Бірақ дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары уақыттар бар. Соны біле жүрсек.
- Қадір түнінде
- Түннің үшінші бөлігінде және міндетті құлшылықтардан кейін
- Азан мен икама арасында
- Әр түндегі белгілі бір уақытта
- Міндетті құлшылыққа шақырған уақытта
- Жаңбыр жауған кезде
- Әр жұманың белгілі бір уақытында
- Ниеті шынайы адам Зәм-зәм суын ішкен кезде
- Сәжде кезінде
- Адам түнде оянып, Алла елшісі айтқан дұғаларды айтып, құлшылық қылса
- Дәрет алып ұйықтаған адам, түнде оянып Аллаға құлшылық жасағанда
- Адам Аллаға құлшылық қылған кезінде: «Сенен басқа Құдай жоқ. Сен пәксің! Шынында, мен әділетсіздердің бірі болдым» - деп дұға жасаса.
- Адамдардың қайтыс болған адам үшін жасаған дұғасы
- Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтқаннан кейін соңғы ташаххуд уақытында
- Аллаға Оның ұлық есімін атап құлшылық жасағанда. Себебі Алла Өз есімін атап дұға жасағанда жауап береді, ал Өз есімін атап жалбарынғанда сұрағанын береді.
- Мұсылман өзінің діндес бауыры үшін Аллаға дұға жасағанда
- Арафатта қажыда болған адамның дұғасы
- Рамазан уақытында жасалған дұға
- Алланы еске алатын мұсылмандар кездескен уақытта жасалған дұға
- Қиыншылыққа тап болған адамның: «Шынында біқ Аллаға тиесіліміз және Оған қайтамыз. О, Алла қиыншылықта маған көмектес және орнына жақсылық сыйла» - деп жасаған дұғасы.
- Адамның жүрегі Аллаға шынайы жақын болған кезде жасаған дұғасы
- Жолаушының дұғасы
- Ораза ұстаған және ауыз ашпаған адамның дұғасы. Ораза ұстаған адамның ауыз ашқаннан кейін жасаған дұғасы.
- Әділ билеушінің дұғасы
- Баланың ата-анасы үшын жасаған дұғасы
- Қажылыққа барған адамның тас лақтырғаннан кейін жасаған дұғасы
- Қағба ішінде немесе Хиджра шегіндегі дұға
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер