Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖӘННАТ НЫҒЫМЕТТЕРІ
07 қазан, 2021 жыл 821 Басып шығару нұсқасы

«Кім Жәннатқа кірсе өлмей мәңгі тірі болады. Олардың киімдері тозбайды, сондай-ақ, әрдайым жас болып, қартаймайды.  Жәннаттың кірпіштері күміс пен алтыннан, сылақтары хош иістен, жері шафраннан, тастары гауһардан және жақұттан» (хадис).

         Бұл дүниедегі барлық адамзат баласы жаннат ұғымын білетіні рас. Себебі, бұл керемет сөздің өзі жұмыр басты пендеге қуаныш сыйлап, көңілін жадыратып, о дүниенің рахатын аңсатады. Жәннатты адам баласы өз көзімен көрмеген болса да, Ұлы Жаратушының қасиетті Құран Кәрімі мен хадистердегі мәліметтер бойынша иланып, сенеді. Осының негізінде жәннат өмірін аңсап, оны соңғы тұрағы болғанын қалайды.

         Асыл дініміз Ислам бойынша жәннат жаратылған және қазір бар. Сондықтан, мұсылман бұған шынайы жүрегімен сеніп, иман келтіруі тиіс. «Жәннат Алланың қалауымен мәңгі қалады және ешқашан жоғалып кетпейді»,-деп  жүрекпен иман келтіруі шарт. Міне, сонда ғана мүмін мұсылманның иманы дұрыс, кәміл болмақ.

Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Раббыларыңның кешіріміне, кеңдігі жер мен көктей болатын тақуалар үшін әзірленген жәннатқа ұмтылыңдар»,- деген. («Әли Имран» сүресі 133 аят).

Шынайы иман келтіріп, Жаратушысынан қорқатындардың орны-Жәннат болмақ. Бұл жайында Алла Тағала келесі аяттар арқылы былай дейді: «Ешбір жан иесі істеген ісінің сауабы ретінде олар үшін көзайымдардан не жасырғандығын білмейді»,-деген. («Сәжде» сүресі 17-аят)

Міне, сондықтан да, мәңгілік өмірде шынайы бақытты болуымыз үшін осы дүниеде әр уақытымызды сауапты өткізіп, барынша дайындық жасауымыз керек. Себебі: «Негізгі дүние тіршілігінің рахаты ақыреттің жанында аз»,-деген («Тәубе» сүресі 32-аят).

Жәннаттың дәрежелері көп. Убада бин Сомиттен жеткен хадисте«Жәннатта жүз дәреже бар. Әр дәреженің аралығы жер мен көктің аралығындай. Фирдаус ең жоғарғысы. Одан жәннаттың төрт өзені ағады. Оның жоғарғысында арш орналасқан. Егер Алладан жәннатты сұрайтын болсаңдар Фердаус жәннатын сұраңдар»,-деген.

Жәннатың дәрежелері адамдардың иманына, ықыластарына, салих амалдарының көптігіне қарай әр түрлі болады. Бухари және Муслимде Әбу Сайд Худуриден (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Біреулердің басқалардан артықшалықтары себепті сендер шығыстағы немесе батыстағы жұлдыздарға қарағандарың секілді жаннат мекендеушілері өздерінің үстіндегі тұрақтарға қарайтын болады. Сонда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ (с.а.у). Ол жай адамдар жете алмайтын, пайғамбарлардың орны ма деп сұрағанда, Жоқ,Алланың атымен ант ішіп айтайын, Кім Аллаға иман келтіріп, пайғамбар әкелген нәрсеге иман келтірсе соларға арналған»,- деді.

Ғұламалар мен ғалымдар жәннатқа  «дәрул фадл» яғни, «Алланың кеңшілігі орнаған мекен» деген анықтама берген. Кімде-кім жәннатқа кірсе одан шықпайды, мәңгі қалады. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жәннатқа кіргендерге былай деп жар салынады: «Сендер мұнда дендерің сау болып, ауырмайсыңдар. Мәңгі өмір сүріп, науқастыққа ұшырамайсыңдар. Жас болып, қартаймайсыңдар. Әрдайым мол нығыметте болып, жаманшылыққа ұшырамайсыңдар. Сосын, Алла елшісі мына аятты оқыған: «Сонда (оларға): «Істеген (ізгі) істерің үшін мұраға алған жұмақтарың осы» («Ағраф» сүресі, 43-аят).

Уа, Алла! Біз Сенен разылығыңды және Фирдаус жәннатыңды сұраймыз. Сенің қаһарыңнан және тозаңығнан пана тілейміз. Бізге Жәннатқа жақындататын сөздерді айтуға, іс-амалдарымызды орындауымызға жәрдем беруіңді сұраймыз. Бізге жәннатты нәсіп етіп, тозақ отынан сақта. Амин. 

Қарағанды облысына қарасы

Абай аудандық мешітінің имамы

Аманбол Рымқұлұлы Мукаев

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары