Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарды сүю – жүректегі иманнан
04 қазан, 2021 жыл 225 Басып шығару нұсқасы

 

Бірде сахаба Зейд ибн Даснат (оған Алла разы болсын) мүшіріктердің қолына тұтқынға түсіп қалады. Олар оны өлтірмекке бекінеді. Сонда Әбу Суфьян: «Сен қазір өз отбасыңмен бірге болып, ал Мұхаммедтің сенің орныңда болғандығын қалар ма едің?» деп сұрайды. Зейд оған: «Алламен ант етейін, Алла Елшісіне тіпті тікен қадалғаннан гөрі дәл қазір басымды кесіп алғандарыңды қалар едім» деп жауап берген. Осындай оқиғалардың талай куәгері болған Әбу Суфиян: «Мен сахабалары Мұхаммедті жақсы көргендей махаббатқа ие болған ешбір адамды көрмедім» деген екен.

Асылында пайғамбарды (сас) сүю, оны құрметтеу жүректегі иманнан болады. Ол иманды жүрекке салар бір Алла Тағала. Ең бастысы жүректегі иманнан айырылып қалмау. Иман берік болған сайын, Аллаға, Оның пайғамбарлары мен дініне деген махаббат арта түседі. Құрмет артқан сайын, оған деген са,ыныш болады, жүрекпен саналы түрде ғашық болу жүзеге асады. Шын ниетімен пайғамбарды (сас) жақсы көрген пенде түсінде Мұхаммед пайғамбардың (сас) көруі мүмкін. Бұл неткен ғажап түс десеңізші!

Ухуд жорығы аяқталғанда Пайғамбар ﷺ сахабаларын түгендей бастайды. Айналасындағылардан: «Сағд ибн Рабиа тірі мен өлі ме?» деп сұрады. Оның сұрағын құлағы шалған Убай ибн Кааб (оған Алла разы болсын) Сағдты іздеуге кіріседі. Бұл кезде Сағдтың демі қорылдап шығып, өлім мен өмір арасында жатыр еді. Денесінде 12 ауыр жарақат болды. Алайда, ажал аузында жатқан ардақты сахаба Пайғамбардың ﷺ іздестіріп жатқандығын біліп: «Алла Елшісіне менен сәлем жеткіз және Алладан өзім үшін және осы үмбет үшін сый сұрайтынымды айта бар. Және менің отбасым мен руластарыма сәлемімді жеткіз. Сағд сендерге «кім тірі болса, кімнің тым болмаса бір көзі ашық болса Алла Елшісіне зәредей зиянның тиюіне жол бермесін. Өйткені, ол зардап шексе, Алланың алдында ешбірің  ақтала алмайсыңдар» деген өсиет айтты дерсің» деген екен». Бұл оқиғадан үлкен ғибрат алуға болады. Пайғамбарымыз (сас) туралы жаман сөз айту былай тұрсын, оны ойлаудың өзі күнә болмақ. Біз Мұхаммед пайғамбарға құрмет көрсетіп, есімі аталса салауат айтамыз. Бұл Алла Тағаланың біздің жүректерге берген үлкен сыйы!

Тізілген құрмет үлгілерінің әрбірінде даналық, шекара, өлшем бар. Өйткені, мұсылмандар жаратылысқа деген шектен тыс құрметтен қайтарылған. Алла Елшісі ﷺ : «Ей, адамдар! Алладан қорқыңдар! Шайтанға өздеріңді алдауға мүмкіндік бермеңдер! Мен, Мұхаммед – Абдуллаһтың ұлымын. Мен – құлмын және Алланың Елшісімін. Алламен ант етейін, сендердің мені Раббым құрметтегеннен артық құрметтегендеріңді қаламаймын» деген болатын (Ибн Ханбал).

Алла қаласа Мұхаммед пайғамбардың (сас) туған күні келе жатыр. Ел болып ол күнді тойлауды бұйыртсын деп дұға етеміз. Ол күн «Мәуліт» мерекесі деп аталып, биыл «Мәуліт» мерекесі 18-ші қазан күні шамнан кейін кіреді. Бүгінде әлемнің көптеген елдері тойлап келеді. Яғни, Мәуліт мерекесінде Алла Елшісіне (сас) салауаттар айтылып, Оған деген сағынышты көркем тілмен суреттеп жеткізеді. Көпшілік одан ғибрат алып, қмірлері өзгеріп жатады. Сондай ұлы мерекені шын ықыласпен, үлкен қуанышпен күтіп алайық, құрметті мұсылман бауырлар!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары