Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Туысқандық қарым-қатынастың әлеуметтік маңызы
13 маусым, 2015 жыл 708 Басып шығару нұсқасы
4-8-2012-razriv-verevki

 Туысқансыз адам жоқ. Күллі мұсылман баласы бір-біріне бауыр. Және Алла Тағала барша адамға аға-бауыр, апа-қарындас, нағашы-жиен, туған-туыс берген. Қай заманда болмасын туысқандық байланыстың маңызы ерекше болған.


Кез-келген адам өзінің тегін, туған-туысын танып, білгісі келеді. Құранда Алла Тағала туысқандық қарым-қатынасты үзбеуді ескертеді. Бұл Исламдағы маңызды міндеттердің бірі.


Бұрынырақта адамдар әлдеқайда қонақжай, әлдеқайда бауырмал болатын. Ұйымшыл, бірлігі мығым,  туыс-туғанмен, көрші-қолаңмен аралас-құраласы көп болған. Өкінішке қарай бұл қазір сиреген. Осы орайда күйбең тірлік бізге көп нәрсені ұмыттырып бара жатқан жоқ па деген сұрақ туындайды. Барлық жауапкершілікті басқалардың мойнына іле салуға болмас. Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапты. Пайғамбарымыз: «Егер зұлымдық көрсең  - оны қолыңмен түзет, қолыңмен түзете алмасаң – тіліңмен түзет, тіліңмен түзете алмасаң – жүрекпен түзет»-деген.


Бруно Ясенский: «Жауларыңнан қорықпа – ең жаманы олар сені өлтіруі мүмкін. Достарыңнан сақтанба – көп дегенде сені сатып кетеді. Бірақ немқұрайдылардан қорық  – олар өлтірмейді де, сатпайды да, бірақ дәл солардың үнсіз келісімімен әлемде сатқындық пен өлім орын алады»-деген екен. Бұл рас. Немқұрайдылық қазіргі біздің қоғамның бір көрінісі. Өзімізге тікелей  қатысы болмаса бізге бәрібір. Қазір қоғамдық жауапкершілік, туысқандық қарым-қатынас тұрмақ, әке-шешесін қарттар үйіне, жаңа туған баласын далаға тастап кетіп жатқандарда не айтуға болады? Қайдағы туысқандықты айтуға болар дейсіз кейде. Балалар үйіндегі балалардың да, қарттар үйіндегі қарттардың да басым көпшілігінің туыс-туғаны бар. Бірақ не ата-анадан, не баладан, не туыс-туғаннан қайыр болмай тұр. Бұны немен түсіндіруге болады? Сансыз себепті айтамыз. Жағдай жоқ, үй жоқ, табыс жоқ, тағысын тағылар. Ал бұрынғылар бір емес, екі емес он баланы қалай бағып-қағып жеткізген сонда? Бұл жерде бір ғана жауап бар. Оны иманның жоқтығымен ғана түсіндіруге болады. Имансыздық....


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары