Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Балалар мен мешіт
18 мамыр, 2015 жыл 528 Басып шығару нұсқасы

 child_in_mosqueМешіт пен балалар арасындағы байланыс Ислам келген алғашқы күннен басталған. Себебі бала – жамағаттың бір қазынасы. Балаларға мешітте емін-еркін жүруге ешқашан тыйым салынбаған.


Мынадай оқиға жеткен: Бірде Алла елшісі сахабаларымен ашық алаңда намаз оқып отырғанда,  бала Ибн Аббас екі досымен есекке мініп келеді. Үшеуі есегінен түсіп, есегін сахабалардың алдына қоя беріп, өздері де сахабалардың арасында жүгіре жөнеліп, ойнап кетеді.  Осы кезде Алла елшісі де, сахабалар да осы қылықтары үшін балаларға ұрыспаған.


Бұндай қарым-қатынас балаларды жамағаттан алыстатпай, керісінше мешітке, намазға деген ынтасын ашуға сеп болған. Бір жағынан, ол уақыттарда мешіт тек құлшылық орыны емес, адамдардың әлеуметтік өмірінің орталығы болатын. Ол жерде сабақ өткен, күнделікті, әлеуметтік және саяси сұрақтар талқыланған. Сондықтан мешітте балалар көп болған. Солай олар қоғамдық өмірде туындайтын қажеттіліктерді көрген, тақуа адамның қандай болатынын және оған қандай міндеттер жүктелетінін біліп өскен.


Көптеген риуаяттардан білеміз, кейде Алла елшісі немерелерінің бірін қолынан ұстап, намаз оқыған. Кейде немерелері ол сәжде жасағанда арқасында шығып алса, олар түскенше сәждесін созған. Осыдан-ақ Алла елшісінің немерелері бала күнінен мешітте өскенін аңғару қиын емес. Мешітке емізулі баласы бар әйелдер де келетін болған. Алла елшісі: «Алланың құлы болып табылатын әйелдерге мешітке келуіне кедергі жасамаңдар» - деген.


Жамандық атаулыдан ада, барлық мұсылманның шырағданы болған мешітте балаға тек қайыр болары анық. Жастайынан азан дауысын естіп, ислами біліммен сусындап өскен бала жаман болмақ емес.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары