Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамдарды аңдымау
14 қыркүйек, 2021 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Ең әуелі бізді мұсылман үмметінен еткен, бізге әр сәт қаншама нығметке бөлеп отырған Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! “Тірі Құран” бола білген, мінезі көпке үлгі болған сүйікті Елшімізге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шексіз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Алла тағала “Тахрим” сүресінің 6-аятында: “Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тас болған тозақ отынан сақтаңдар”, – деген. Әли (оған Алла разы болсын) осы аяттың тәпсірінде былай дейді: “Яғни, отбасы мүшелері тозақы болмау үшін оларға әдептілік пен ілім үйретіңдер”. Бұдан әдептілік пен шариғи ілімнің маңыздылығы көрініп-ақ тұр.

Сондай бір баса айтылған әдептіліктің бірі - адамдарды аңдымау. Құдіреті шексіз Алла Тағала “Худжурат” сүресінің 12-аятында былай деген: “Уа, иман келтіргендер! Ой атаулының көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсіресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі ойларға беріле беруден аулақ болыңдар)! Өйткені ой атаулының бір парасы (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман, яки арам ойлар) күнәға жатады! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын, өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла - Тәууаб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді).”

Алла Тағала әдептілікті сақтаған құлдарынан етсін! Әмин!

 

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары