Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамзат еңбегіне қарай табысқа жетеді
01 қыркүйек, 2021 жыл 351 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, алдағы даму стратегиямызды айқындап берді. Пандемиядан кейінгі сындарлы кезеңде еліміздің әлеуетін одан әрі дамыту, денсаулық сақтау жүйесі, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе құру, саяси жаңғыру, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыру сынды құнды бастамаларына қанық болдық. Осы мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастаманы қолдай отырып, еліміздің еңселі, жан-жақты дамыған елдермен тереземіз тең дәрежеге жетуі үшін іргелі жобалары бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Заман мен уақыт талабына сай жаңғыру бүгінде баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір сынақтың соңынан жақсылық келеді. Пандемиялық ауыртпалықты артқа тастап, сындарлы сәтте ұлттық негізімізді сақтай отыра, түбегейлі жаңғыру мен рухани өркендеудің, баянды болашаққа адал еңбекпен нақты қадам жасаудың кезеңінде тұрмыз. Қасиетті Құран Кәрімде: «Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді.» - делінген. («Нәжім» сүресі, 39-40 аяттар.) Ендеше, қандай да бір игілікті істі жасарда Аллаға тәуекел етіп, медет тілеген жанға Жаратушы Иеміз қолдау танытады. 
Алла Тағала баршамызды екі дүние абыройы мен нығметіне бөлеп, елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп еткей. Әмин!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы
бойынша бас имамы              Өмірзақ қажы Бекқожа

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары