Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кішіпейілділік
26 тамыз, 2021 жыл 219 Басып шығару нұсқасы

Әуелі барша халықтың ішінен бізді мұсылман үмметінен еткен Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Өнегелі өмірімен тірі Құран бола білген Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Бір патша: «Дана деп кімді айтамыз?» деген сұрағына оның ақылман уәзірі: «Өзін басқалардан кішік, қарапайым ұстаған кісіні» деп жауап бергені айтылады. Шынында да, кішіпейіл, қарапайым кісі өзіне қатты сөйлеп, дөрекілік көрсеткендерге де дүрсе қоя бермейді. Ашуын ақылына жеңдіріп, байсалдылық көрсетеді.

Асыл дініміз кішіпейілділік қасиетке арнайы көңіл бөліп, ерекше ден қояды. Бұл қасиеттің ардақтылығын баса айтқаны сондай, Құран Кәрімде Алла Тағала хас құлдардың сипаты ретінде былай баяндайды: «Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда (наданмен надан болмай) оларға «Аман болыңдар», - деп өз жөнімен кете береді» (Фурқан, 63-аят).

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің ұлы миссиясы туралы: «Расында, мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім», – деп түсіндірген. Тағы бір хадисте Алла Расулі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай бір маңызды өсиет айтады: «Кешірімді болу мен кішіпейілділік һәм жұмсақтықтан нәсібі болмағанның көркемдіктен әрі жақсылықтан да нәсібі болмайды». Ал, кішіпейілділік – көркем мінез-құлықтың айнымас бір бөлшегі. Шындығында да, кішіпейіл болу – барлық Пайғамбарлардан, ізгілерден, адамзат тарихындағы айтулы тұлғалардан мирас болып бізге жеткен ұлы құндылық.

Айша анамыз (оған Алла разы болсын): «Күмәнсіз сендер құлшылықтың ең жақсысына селқос қарайсыңдар, ол – кішіпейілділік», – деген екен. Расында, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қияметтегі мизам таразысында ауыр басатын нәрсенің көркем мінез-құлық екенін өсиет етеді. Демек, кішіпейілдік танытудың өзі құлшылық болып табылады екен.

Халқымыздың «Ұлық болсаң, кішік бол» деуі де, адам қанша болып-толса да, кемерінен асып төгілмеуі керектігін, кісілігі мен кішілігін, көпке деген ізеті мен инабатын үзбей, тіршілік етуі тиістігін айтқаны. Сондықтан, халықтың тәрбие талаптарына сай өмір сүруге ықыласты болуымыз керек-ақ.

 

Сәтбаев қаласы

«Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің

ұстазы Бауыржан Амангелдіұлы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары