Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүрсілдеген жүрек
26 наурыз, 2019 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Дүниедегі ең керемет мотор - көкірегіңіздің сол жағында орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз соғуымен тәулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр жоғарыға ытқыта алады. Жүректің ең бір ерекше қасиеті - тоқтамастан, шаршамастан өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтамай, демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз мотор деуге болады. Жүрек - шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут тоқтатпастан ашып, жұмып тұра аласыз? Алақаныңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Ал енді өмір бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып тұрған қандай күш? Тағы да кездейсоқтық па? Жоқ әлде...

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары