Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰХАРРАМ – МҰСЫЛМАНША ЖЫЛ БАСЫ!
16 тамыз, 2021 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Һижри – барша мұсылман үшін аса маңызды күнтізбе. Себебі, мұсылман үшін маңызды оқиғалардың барлығы осы күнтізбе бойынша есептеледі. Бүгінде  мұсылман елдер бұл айды ерекше қастерлеп, күтуде. Дәл бүгінде, дүние жүзіндегі ресми аталған мұсылман елдер, жыл басы саналатын Мухаррам айын тойлатып-ақ жатыр. Бұл айда біздің Қазақстандағы барша мұсылман бауырлар да Аллаға құлшылық етуді үдете түскен.

Бұл ай несімен қасиетті?

Бұл сауалға жауапты Құран Кәрімнен табамыз: «Расында Аллаһтың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі ай. Бұлардан төртеуі қасиетті айлар. Міне осы - берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер! ...Аллаһтың тақуалармен бірге екенін біліңдер!» (Тәубә сүресі, 36-аят). Ал асыл Пайғамбарымыз (ﷺ) болса, бұл жөнінде: «Бір жылда он екі ай бар. Оның төртеуі қасиетті. Үшеуі бірінен соң бірі келеді: Зул-қағда, Зул-хижжа және Мухаррам, ал төртіншісі - Жумадә мен Шағбан арасында келетін Ражәб айы»,- деген. Мухаррам айының қасиеті жайлы көптеген ғалымдар хадистер қалдырған. Бұл айды, Рамазан айы секілді Аллаға құлшылықпен өткізген абзал. Ибн Аббас риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім мухаррам айында бір күн ораза тұтатын болса, ол айда ұстаған оразасының әрбір күніне отыз сауап бар», – деген (Имам Суюти).

Әр айдың өз қасиеті болатыны секілді Мухаррам айында қасиетті Ашура күні бар. Ол күн айдың оныншы күніне тура келеді, яғни биыл қазан айының 10-ші жұлдызы – Ашура күні.

Ашура күнінің тарихы

Нұһ (а.с.) кемесi ашура күнi тоқтаған. Яғни, топан Ережеп айының бiрiнде басталып Мухарам айының оныншы күнi Жудди тауына тоқтаған. Нұһ (а.с.) және мүминдер осы күнi шүкiр етiп ораза ұстады. Қалған ризықтан ашура пiсiрдi. Яғни, қалған барлық тамақ түрiн қосып пiсiрген. Ол – ашура деп аталған ерекше тамақ. Осыдан кейін бұл күн – Ашура деген атауға ие болып кеткен. Ашура күнi садақа беру, бiреуге сый ұсыну, ораза ұстау – сүннет болып табылады.

Ашура күнінің ерекшеленуі туралы ислам тарихынан көп білуге болады. Осы күні әр жылдары әртүрлі ерекше оқиғалар орын алған. Тарих беттерінен орын тепкен он оқиға:

  • Адам (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
  • Мұса (а.с.) пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып, Ферғаунды әскерімен қоса теңізге батты. 
  • Нұх (а.с.) пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тірелген.
  • Дәуіт (а.с.) пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.
  • Юнус (а.с.) пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.
  • Юсуф (а.с.) пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.
  • Якуб (а.с.) пайғамбар ұлы Юсуф (а.с.) үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.
  • Ибраһим (а.с.) пайғамбардың ұлы Исмаил (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген.
  • Айюб (а.с.) пайғамбар науқасынан осы күні айыққан. Иса (а.с.) пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген. (Сахих Муслим түсініктемесі 6: 140)

Осындай маңызды оқиғалар орын тепкен Ашура күні мұсылмандар арасында да Пайғамбарымыздың (ﷺ)  дәуірінен бері жалғасын тауып келеді. «Рамазан оразасынан кейінгі ең сауапты ораза – Алланың айы Мухаррамда тұтылған ораза. Парыз намаздардан кейінгі ең сауапты намаз – түнгі намаз», – деген Алла Елшісі бұл айды барынша оразамен өткізуге тырысқан (Муслим).

 

Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы, Шет ауданы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары