Тілдік нұсқа
Радио

мақала

БІЛІМНІҢ КІЛТІ НЕДЕ?
12 тамыз, 2021 жыл 492 Басып шығару нұсқасы

"Адам каза болғанда барлық амалдары тоқтайды. Бірақ, үш түрлі амал бар, олар қияметке шейін жалғасын таба береді, жасаған жақсы істері (мешіт көтерген, көпір салған, су жоқ жерде су шығарған), үйреткен білімі, артында қалған иманды баласының дұғасы". Демек, білім алып, оны басқаларға үйреткен адам бұл дүниеден өтіп кетсе де білімінің пайдасы қияметке шейін жалғаса береді. Білімділерді бір ғана адамдар емес, періштелер де, Алла Тағала да сүйеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: " Білім алу үшін жолға шыққан адамға періштелер қанатын төсейді".

Білім егесімен бірге қабірге кіреді, ал байлық болса, егесі өлгеннен кейін басқаларға қашады. Білімдіге барлық адамдар мұқтаж болады, байға кедейлер ғана мұқтаж болады. Білімдінің қадыр-қасиеті білімінде болғандықтан, әрдайым толып-тасып тұрады, байдың қадыр-қасиеті байлығында болғандықтан, егер байлығынан ажыраса, қадыр-қасиеті қоса кетеді. Білімді топтаған адам – білімге шақырады, байлықты топтаған адам – байлыққа шақырады. Білімді адамның тіршілігі тыныш болады, бай адамның тіршілігі қорқыныштың құшағында өтеді. Сондықтан да Алла Тағала бұл дүиенің құндылы ретінде білімді қойған. Егерде білімнен жақсырақ нәрсе болғанда, Алла Тағала пайғамбарын сол нерсесін сұрауын бұйыратын еді. Бірақ, Алла Тағала пайғамбарын білім сұрауға бұйырды. Абу Хурайра менен Абу Зар (Алла олардан разы болсын) айтады: "Қайсы бір білімнің түрін үйрену үшін отыру – мың рәкәғат нәпіл намаздан жақсы" деген хадис келтірсе, Ибн Умар (Алла одан разы болсын) айтады: "Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады" деген.

 

 

Білімнің де түрі  көп, пайдалысы залалдысы дегендей. Саналы адам осы және ақыреттік өміріне пайдалы білімді іздесе керек. Пайдалы білім ешқашан жеткілікті болған емес.. Алла Тағала Өз Пайғамбарына оған Алланың сәлемі мен игілігі болғай, ілімін күшейтуін сұрауды бұйырған:

 

 

وَقُل رَّبِّ زِدْنِي عِلْمًا

 

 

«Айт: Раббым, білімімді арттыр!» («Таха» сүресі, 114).

 

 

Сонымен қатар, Умму Сәләмадан, (Алла одан разы болсын) Алла елшісі (с.ғ.с.) былай дұға еткен:

 

 

«Уа, Алла! Расында мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе және (Өз құзырыңда) қабыл болатын жақсы амал тілеймін!».

 

 

Егер адамзаттың ішіндегі ең абзалы, ең ілімдісі болған сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алладан өзінің ілімін арттыруды сұрап жатса, онда мына біз, қалай ғана бір күні пайдалы ілім алуды тоқтатпақпыз?

 

 

Пайғамбарымыз ілімнің ғажайыптары жайлы сұраған адамға:

– Ілімнің басын үйрендің бе?- деді.

 

 

 

 

– Ілімнің басы не?

– Ілімнің басы Алла Тағаланы дұрыс тану. Ал бұл Оның ұқсасы, қарама-қайшылығы, теңі, серігі жоқ екендігін, уахид, әууәл, ахир, заһир және батин екендігін білу».

 

 

 

 

Білім аларда мыналарға мән беру керек:

 

 

а) Көңілін бүкіл жаман халдерден тазалау. Шариғатта: «Дін тазалық үстіне құрылған» делінді. Бұл жердегі тазалық тек сыртқы тазалық емес, сонымен қатар ішкі тазалық.

 

 

ә) Бүкіл күш-жігерін ілімге байлау керек! Басқа нәрселерден байланысты үзу керек! Ойдың, зейіннің бытыраңқы болуы, жинақы болмауы суы бөлінген арыққа ұқсайды. Оңды-солды аққаны үшін бақшаны суара алмайды.

 

 

б) Іліммен тәкаппарланбау керек! Кейде кебір адамдар ілім үйренуде такаппарлануы мүмкін. Хадистерде екі адам ілім үйренбейді бірі такапар екіншісі жөнсіз ұялшақ делінген.

 

 

Хадисте: «Ілім – қазына, ал сұрақ қою – кілті. Сұраңдар – үйреніңдер! Бір сұрақтың арқасында төрт адам сауап алады. Сұрақ қойған, жауап берген, тыңдаған және бұларды жақсы көрген адам». (Әбу Нуайм).

 

 

Ола болса әрқайсымызда бір-бірден кілт бар екен. Соны дұрыс жолға жұмсай білу өз таңдауымыз. Алла баршамызға қайырлы білім бергей.

 

 

Балқаш қалалық мешітінің бас имамы

 

 

Тольтаев.Е.

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары