Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Отанды сүю үшін иманды бекіту қажет
06 тамыз, 2021 жыл 164 Басып шығару нұсқасы

Отанды сүю – иманнан. Олай болса, иманымызды арттырып, туған жерге, тілге, ділге деген махаббатты арттырып отыруымыз қажет-ақ. Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу әрбір мұсылманның діни әрі азаматтық  борышы. Жалпы отаншылдық, патриотизм асыл дініміздің ұстанымымен ұштасып жатқан ұғымдар.  Алланың Елшісі ﷺ: «Уа, Алла! Бізге Меккені сүйікті еткеніңдер Мәдинаны сүйікті ет не одан да артық ыстық ет!» − деп дұға қылған. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен). Өйткені, Мекке Алла Елшісінің ﷺ туған жері еді. Алланың елшісі  мүшріктердің қысымынан соң Жаратқанның пәрменімен Мәдинаға қоныс аударып бара жатқанда сахабасы Әбу Бәкір (р.а.) екеуі алдымен үңгірге жасырынады. Сосын үңгірден түнде жолсыз даламен Мәдинаға бағыт алады. Кейін керуен жолына түсіп, Меккеге апаратын жолды көреді. Сонда Пайғамбар ﷺ сол жолға қарап, Меккемен қимай қоштасады. Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар ﷺ дұғамен емдегенде: «Жеріміздің топырағы, аузымыздың суы Раббымыздың қалауымен ауруымызға шипа болады», − дейтін. (Бұхари риуаят еткен).

Әрбір адамның Отанға деген сүйіспеншілігі сөзінде не ісінде көрінеді.

Бұхари өзінің Сахихында Ибн Омардан Алланың елшісінің ﷺ былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапкер, ер кісі өз отбасына бақташы, сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапкер, кісінің құлы (қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған жауапкер. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер».

Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие берумен туған елді құрметтеуді, жанын қорғағандай дінін, Отанын қорғауды үйретуге де отағасы жауапты. Сондықтан, иманды күшейтіп отыру қажет.

Иманды арттырудың бірнеше жолы бар:

Құран оқу, оның мағынасын түсіну. Бұл жүректі жұмсартып, тыныштық ұялатады. Құранды қолға алған сайын. Жанында Алла тұрғанын сезіну. Құран Кәрімде адамдарың дәрежелері туралы жазылған; қайсы топқа кіретінңізді ойланыңыз.

Алланың ұлық екенін ұғыну. Барлық тішілік иесі Оның басқаруында. Біздің барлық көріп тұрғанымыз Жаратушының құдыреті екенін түсіну. Алла бәрін де көруші.  Ол тіпті айсыз қара түнде қара тауда өрмелеп жүрген қара құмырсқаны да көруші.

Білім аларда өмірге қажетті, Сіз үшін игілігі бар нәрсені үйреніңіз. Мысалы, дәрет алудың жолдары. Қай киноа қай жерде қашан түсіріліпті, онда қандай әртістер ойнапты деген ақпарат өміріңізге керегі шамалы екенін ұғыныңыз. Алланың есімдерін жаттаңыз. Жүрегінде құдайдан қорқу сезімі бар адам – ол басында ілімі бар адам деген сөз.

Алла туралы айтылатын жиындарға барыңыз. Ондай жиындарда адамдарға періштелер келеді.

Қайырымдылық шаралардың қатарын арттыру. Бір жақсы іс екінші жақсы іске бастама болады. Садақа беру секілді сауабы мол істің Алла алдын ашады, жолын жеңілдетеді. Мұндай қайырымдылық шараларды әрдайым істеп тұрған дұрыс.

Өлімді еске алу. Өлімді еске алу  ақыреттік күннің жеңіл өтуіне себепші болады.

Ақыреттік күнді, қабірдегі өмірді, сұрақ-жауап алар сәтті жиі еске алу. Жанның жәннатта немесе тозаққа барарын ойлау.

Дұға ету, Аллаға бағынышты екенін сезіну. Бұл өмірдегі материалдық құндылықтарға байланып қалмау. Рухани дүние байлығын арттыруда әрекет ету.

Аллаға деген махаббат іспен көрініс табуы қажет. Барлық адам Алладан сұрағаны орындалатынына сенуі қажет. Күнә іс жасаудан қорқу қажет. Ұйықтар алдында бір күндік әрекетіңізді еске алу ертеғгі күнннің жақсы өтуіне жәрдем етпек.

Ең бастысы жақсы амал Аллаға махаббатты арттыратынын, ал күнә істер Аллаға сенімді азайтатынын ұғу. Өмірде кездесіп жатқан, әлемдегі болып жатқан барлық құбылыстар тек бір Алланың қалауымен екенін түсіну. Әр адамның басындағы бақытсыздық та Алланың қалауымен келеді. Ал бақытсыздықты қуанышпен толтыру адамның қалауымен жүзеге аспақ. Яғни, Алланы еске алып, жоғарыда аталған амалдарды орындау арқылы.

Ендеше, иманды қуаттап, Отанды сүйіп, отбасымызды тыныштықта ұстайық. Отан – біздің құтты мекеніміз. Отан – біздің қара шаңырағымыз. Елімізде тыныштық пен береке болсын!

 

Айтқазин Рауан Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары