Тілдік нұсқа
Радио

мақала

QURBAN2021.KZ САЙТЫНА ӨТІНІШ БЕРУ ЖАЛҒАСУДА
19 шілде, 2021 жыл 303 Басып шығару нұсқасы

Жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты құрбандық шалуды онлайн форматта жүзеге асыратын qurban2021.kz сайты ашылған болатын.

Бүгін, яғни, 19 шілдеге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен құрбан шалуға тапсырыс және мұқтаж отбасылардан құрбан етін алуға 6500-ге жуық өтініш түсті. Нақтырақ айтсақ, сайтқа 31 227 адам тіркелсе, соның 1460-сы – құрбан шалуға тапсырыс бергендер, ал 5039-ы – ет алуға өтініш бергендер.

612 тапсырыс беруші төлем жасап үлгерген болса, соның 448-і қой малын, 88-і ешкі, 22-сі ірі қараға, сондай-ақ 7 адам бірігіп 68 ірі қараны құрбан шалуға тапсырыс берген. Төлем жасап, құрбан малын нақтылаған тұрғындардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан. Мәселен, елордалық 141 тұрғын тапсырыс берсе, құрбан шалуға ниеттенген 196 алматылық төлем жасап үлгерген.  

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары