Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Белсенділікті арттыратын факторлар
12 шілде, 2021 жыл 231 Басып шығару нұсқасы

Әлемді жоқтан бар еткен Алла Тағала әрбір тіршілік иесіне қолайлы жағдай мен әрекет етерлік әл мен сайманын қоса жаратқан. Кез-келген тіршіліктің негізі қозғалыс, іс-әрекет. Ал, қозғалысқа себеп болатын нәрсе қажеттілік, құштарлық. Егер адам бір нәрсені қалап, оның орындалуына әрекет, ықылас қойып белсенділік танытпаса, бұл жай ғана қиыл болып қала бермек. Қазақ әдебиет майталманы М. Әуезов  «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек»  демекші. Әрекетіміздің дұрыс болуын қадағалап, ізденушілік танытып белсенді болу жақсы нәтижелерге себеп болатын амалдар.

Мына ғылыми-техникалық төңкеріс заманында, барлық істің жылдамдыққа ауысқан уағында мұсылманға белсенділік керек-ақ қасиет болып отыр. Құранда да мұсылманды белсенділікке үгіттейтін аяттарды кездестіреміз «Маида» сүресінің 48 аятында «Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар» жақсы істе жарысып белсенділік таныту мұсылман адамның  майталман болуына себепші болады. Ата-бабабыз «Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» деп ер адамның ел арасындағы сыйын сіңірген еңбегімен, жемісті нәтижесімен өлшеген. Ғылымда, кәсіпте және күнделікті тұрмыста да кісіні көш соңында қалдыратын себеп – жалқаулық. Адам баласы асылында бойына ынжықтықты әдет етсе оның не дүниесіне, не ақыретіне пайда жоқ. Мұсылманның белсенді болуын қазірде заман талабы деп отырмыз. Ибн Масғұд (Алла оған разы болсын): «Мен кісінің не дүние ісімен, не ақырет амалымен айналыспай бос жүргенін жек көремін» деген екен. Қараңғылық ішіне батқан қауымды жиырма үш жылда ең үлгілі қоғамға айналдырған ислам дінінің шоқ жұлдыздары сахабалардың бойынан еңбекқорлық пен белсенділікті байқаймыз. Ислам дінінің көркеюіне сахабалардың дінде де, дүние ісінде де табандылық пен белсенділік таныту себепші болды.  

Белсенділікті арттыратын негізгі факторларға тоқталсақ, әуелгісі – ықылас. Әбу Умәмә әл-Бахили (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп бұйырды: «...Алла Тағала, тек шынайы ықыласпен және Оның разылығы үшін жасалған амалды ғана қабыл етеді».

«Адамнан әрекет, Алладан берекет» демекші «Адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Соңыра оған еткен еңбегінің одауы толық беріледі. Күдіксіз соңғы баратын жерің Раббың» (Нәжм, 39-42 аяттар). Абай атамыз «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп адамның бос отыруы лағнеттелген шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік болып табылады. 

Уақытты тиімді пайдалану – белсенділікті арттыратын факторлардың бірі. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сілемі болсын!): «Мына дүние – амал уақыты, есеп уақыты емес, ал о дүние – есеп уақыты, амал уақыты емес».  Ақыретте жауапқа тартылатын сұрақтардың бірі де осы – уақыт.

Әрине, мұсылманның қорғаны дұға. Ықыластылық пен белсенділікті арттыру үшін Алладан дұға ету маңызды. Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) мына дұғасын: «Уа, Алла! Расында мен әлсіздік пен еріншектіктен, қорқақтық, сараңдық, хайырсыз кәріліктен және тірілер мен өлілердің бүлігінен бір өзіңе сыйынамын» әрдайым оқып жүрген абзал.

Ендеше, Пайғамбарымыз «Әлсіз мұсылманнан күшті мұсылман жақсырақ» дегендей мұсылман үмметінің күшті болуы әрбір жеке мұсылманның тұлғалық дамуында, дінінде, дүниесінде белсенді болуына байланысты.

Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінің

баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары