Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жан мен тәннің рахаты
12 шілде, 2021 жыл 803 Басып шығару нұсқасы

Жан мен тән қашан рахат алады? Адам жан мен тәнді физиологиялық тұрғыда қарастырып қана, оның тазалығы мен құндылығына мән береді. Ал дініміз жан мен тәнді бір-бірінен бөлек айырып қарамайды. Діндегі тақуы адамның жаны мен тәні де таза болса, ол екеуі шынайы рахаттану сезімін еше алады. Яғни, жан мен тән Алланың бар екенін, Оның бір екенін сезініп, одан рахат алады. Қиыншылық пен қуанышта да жан күйзелмейді, тән ауырсынбайды. Дегемен, пенденің иманы әлсіресе ол руһани қуатты алатын жерді таппаса, жан да тән де дертке үшырайды.

Тәннің рахаты, физиологиялық тұрғыда түсіндірер болсақ, адам денесінің әрбір мүшесі арнайы бір іс үшін жаратылғаны мәлім. Біздің әрбір мүшеміздің орындайтын өз міндеті бар. Ол міндетті сол белгілі мүшеден артық әрі жақсы ешкім орындай алмайды. Дене мүшесі сырқаттанып қалған жағдайда, оның орындауы тиіс әрекеті іске аспай қалады немесе қажетті деңгейде орындалмайды. нәтижесінде жүрек ауырады, жан күйзеліске түседі. Бұған қатысты пайғамбардың ﷺ айтқан мынадай әйгілі хадисі бар: «Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол сау (жақсы) болса, бүкіл дене сау (жақсы) болады. Егер ол ауырса (бұзылса), бүкіл дене ауырады (бұзылады). Ол – жүрек!» (Буһари, Мүслим). Бұл хадисте Алла Елшісі ﷺ жүрек ауырса дегенде, жүрек руһани дертке ұшыраса деп айтып тұр. Жүректі руһани байыту арқылы ғана біз, оны сақтай алады екенбіз.

Абай атамыз жан қуатына үлкен ба­сым­дылық беру арқылы тән қуа­тының да ерекшелігіне толық тоқ­талады. Жан қуатының азығы тән қуатында, тән қуатының дәу­леті күнделікті күнкөріс тір­ші­ліктің байлығы болса, жан қуа­ты­ның байламы іштей жиналған ру­хани байлық – ақыл мен ғы­лым. Ол қолдағы мұз сияқты оны сақтай алмасаң айырыласың дейді.  Ұлы Абай 43-қара сөзінде: «Ішсем, жесем демектің басы жибили (табиғи), ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым бұлар – кәсіби» – деп, адам бойындағы жибили (табиғи) мен өсе келе қалыптасатын кәсіби қабілет деп келеді де, 7-қара сөзінде: «…ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары». Жан мен тән арасындағы қасиеттерді «Адам баласы екі нәрсемен байланыстырады: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби, оны білмек керек» (43 қара сөз) – деп, терең ойға сілтейді. Жан болмаса тән өмір сүре алмайды, ал жан тәнсіз өмір сүре алады. Жан бұл фәниде тәнмен бірге өмір сүргенмен екеуі екіге бөлініп ақырет махшарда қайта табысатындығын

«Менікі мен

Mенікінің айырылысқанын

Өлді деп ат қойыпты

өңшең білмес – деп, келеді де:

Ақыл мен жан «мен», тән «менікі»,

«Мені» мен «менікінің» мағынасы екі», – деп өлең жолымен келтіреді. Яғни, екеуі екі басқа ұғым, екеуі қо­­сылып адамды құрайды делінеді.

Осыдан қорыта айтарымыз, жан мен тән рахат тапсын десек дүниелік нәрсені жүрекке өткізбей, жүректі руһани дерттен сақтап отыру қажет екен.

Пайғамбарымыз ﷺ айтып кеткендей Аллаға иман келтіру арқылы біз руһани байып, жан мен тән рахатын сезінеді екенбіз: Пайғамбар ﷺ былай деген: «Екі қасиеттен абзал ештеңе жоқ: Аллаға иман келтіру мен мұсылмандарға пайда келтіру. Екі нәрседен асқан қасиетсіздік жоқ: Аллаға серік қосу мен мұсылмандарға зарар беру». 

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары