Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Баланы ұруға бола ма? Шариғаттың үкімі қандай?
27 қараша, 2014 жыл 2386 Басып шығару нұсқасы
08_40 ÇÑ .p65

 Сұрақ:

 Шариғат бойынша балаларға физикалық күш қолдануға рұқсат етілген бе? Рұқсат етілген болса оларды қалай қолданады?

Жауап:

Физикалық күш қолдану арқылы баланы жазалау мәселесі әлі күнге даулы сұрақ болып келеді. Ислам тұрғысынан жауап беру үшін ең алдымен Пайғамбарымыздың сөздерінен бастағанымыз жөн. Алла елшісі: «Балаларыңыз жеті жасқа толғанда намаз оқуды үйретіңдер, он жастан асқанда намаз оқымаса ұрып жазалаңдар және бөлек жатқызыңдар»-дейді.

Осы хадиске байланысты Ад-Дурр әл-Мұхтар: «Құлшылық ету (намаз) балиғат жасына толған әр мұсылманға парыз. Хадисте айтылғандай шариғат баланы құлшылық етпегені үшін ұруға рұқсат етеді. Бірақ оны таяқпен емес, қолмен ұрған жөн. Ұрмас бұрын баланы құлшылық қылуға бұйырыңдар. Яғни шектен шықпай, ұрып-соқпай құлшылық қылуға бұйырған абзалырақ»-дейді.

Аллям әл-Әлками өзінің «әл-Каукаб әл-Мунирінде»: «Ұру – қатты ауыр тиетін соққыға жатпайды және беттен ұруды меңземейді» деген түсінік береді.

Біз осыдан хадисте тәртіп сақтау үшін балаға физикалық күш қолдануға болатынын көреміз. Аталмыш хадис ата-аналарға арналған, сондай-ақ мұнда мұғалімдерді де қосуға болады.

Шариғат мұндай жазаға рұқсат берсе, бұл ұрып-соғудың кез-келген түрін қолдануға болады деген сөз емес әрине.

Ғұламалар балаларға қатысты физикалық күш қолдануда белгілі бір ережелерді қорытып шығарды. Солардың бірқатарын біз төменде келтіріп отырмыз:

 

1) Баланы жазалаудың қажеттілігі болуы;

 

2) Жазалаудан бала денсаулығына ауыр зардап шекпеуі тиіс;

 

3) Баланы ата-анасына деген өкпе-ренішін тудырмауы қажет;

 

4) Бала түңілетіндей, еңсесін түсіретіндей болмауы керек;

 

5) Мұғалімнің баланың қамқоршысынан рұқсаты болуы керек;

 

6) Жаза баланы тек тәртіпке шақыруға тиіс;

 

7) Жаза бала төзбейтіндей ауыр болмауы қажет;

 

8) Таяқ я басқа да заттарды қолдануға тыйым салынады;

 

9) Басы мен бетінен ұруға болмайды;

 

10) Жаза ашу үстінде қолданылмауы керек.

 

Физикалық күш қолдану шариғатта рұқсат етілгенмен бұның балалармен қарым-қатынас орнатуда тиімді тәсіл еместігін, Алла елшісінің кез-келген жастағы адамдарға мейіріммен қарым-қатынас жасағанын есте ұстағанымыз жөн.

Тирмизи  мен Әбу Дауда  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мынадай хадисін келтіреді: «Кішілерге мейірімсіз және үлкендерді сыйламайтын адам біздің қатарымыздан емес».

Сондай-ақ қазір көптеген елдерде мектептерде балаларға күш қолдануға, ата-аналрының ұрып-соғуына тыйым салынғанын ескеруіміз керек.

Осы жайттардың бәрін ескере отырып келесідей қорытынды жасауға болады:

 

  • шариғат бойынша физикалық күшті жоғарыда көрсетілген ережелерді ескере отырып өз шегінде ғана қолдануға рұқсат етіледі.


 

2) Күш қолданудың мақсаты баланы тәртіпке үйретуді көздеуі тиіс.

 

3) Күш қолдануға шариғатта рұқсат етілсе де, біз қоғамда қалыптасқан ережелерді де ұмытпауымыз керек. Яғни Ислам құқығындағы ережелер мен қоғамда заңмен қалыптасқан ережелерді үйлестіре білуіміз керек-ақ. Мұндай күрделі мәселеде салқынқандылық танытып, ақылмен іс жасау қажет.

Сайтқа дайындаған: Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары