Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Фанатизм
20 қараша, 2014 жыл 280 Басып шығару нұсқасы
RQMJtaZDLLQКейде біздің қызығушылықтарымыз фанатизмге ұласып кетеді. Біреулер бұны ауру дейді. Ал бұл фанатизм ауру болса, оның емі қайда?
Қоғамдағы әр адам - жеке тұлға. Әрқайсының өз қызығушылықтары, сүйікті істері бар. Біз бүгін әр салада жүрген елге танымал «жұлдыздарға» ұқсағысы келіп, фанатизм құрбанына айналған жандар туралы сөз етпекпіз. Бұл жайт әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында өте көп. Балаларының бөлмесіне кіре қалса ата-аналары қабырғада жапсырылған «жұлдыздардың» суреттерін көретіні анық. Бірақ ата-аналар бұған бас ауырта бермейді. Баланың өтпелі кезеңіне балайды. Алайда бұл жағдай өтпелі кезеңнің қызығушылығы ғана емес. Өз кезегінде аталған жасөспірімдерге зиян шектіруде. Әсіресе жас қыздар сол суреттегі жұлдыздардың ашық-шашық киіміне, баттастырып жағылған бояуына бірден еліктейді. Солар сияқты «сұлулыққа» қол жеткізгісі, тіпті бет-әлпетін соларға ұқсатқысы келеді. Осы себеппен де пластикалық ота жасатып жатқандардың аз еместігін көріп жүрміз. Сонда да әлдекімдерге еліктеп, оларды не үшін жақсы көретінін жастардың өздері де түсінбейді. Уақытша ғана қызығушылық, ермек.
Оларға емес, Алла елшісіне көбірек еліктесек әлдеқайда бақытты болар едік. Өйткені Алла елшісі бізді тек пайдалы, сауапты істерге ғана үндеп кеткен. Пайғамбарымыздың сүннеттерін орындап, Оның жолын ұстаған жанның бұл дүниеде қор болмасы анық. Ендеше ойланайық.

Islamdag.ru

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары