Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды, қиындыққа мойымайды.
⠀
Алла Тағаланың әл-Мәлик есімі Құран Кәрімнің «Фатиха», «Таһа», «Му'минун», «Хашр», «Жұма» және «Нас» сүрелерінде кездеседі.
⠀«Күллі жаратылыс атаулының Хақ Патшасы (шын иесі) Алла қандай ұлы десеңші! (Уа, Мұхаммед! Өзіңе уахи келгенде): Құран аяттары өзіңе толық уахи етілмейінше ұмытып қалмайын деген оймен оны іле-шала қайталауға асықпа. «Раббым, ілімімді арттыра көр», – деп дұға ет» («Таһа» сүресі, 114-аят).
⠀
Пікірлер