Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жұбайыңды қалай бақытты етуге болады?
06 қараша, 2014 жыл 298 Басып шығару нұсқасы
b8jRQ9KaYYIӘйелдің қоғамдағы орны бөлек. Себебі оған жауапты міндет жүктелген. Үй шаруасындағы әйелдің іс-қылығы ана әрі балалардың тәрбиесіші ретінде өмірде үлкен міндет атқарады. Ер адам үйде қонақ сияқты емес пе? Таңертең кетеді, кешке келеді, үйдің жұмысына уақыты да қалмайды. Сол себепті бала тәрбиесінің бар жүгі қаракөздеріміздің иығына түседі.

Көп әйелдер өздерінің кейбір жағымсыз мінез-қылықтарын ерлерінің  міндеттерін дұрыс атқармағандығынан көреді. Ал, олардан қиямет күні күйеуінің емес, өзінің не істегені жөнінде сұралады. Әйелдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде аз кітап жазылған жоқ. Мақалалар да жеткілікті. Бізде бұнда осы жөнінде айтып отырмыз.

Мұсылман әйелі үшін ерінің құқы өзінікінен жоғары тұруы тиіс. Ең алдымен ол ерін тыңдап, басқалардың кеңесі мен өсек-аяңына ермеуі керек.

Алла елшісі (Оған Алланың рақымы мен шапағаты болсын): Егер Ол біреуге басқаның алдында бас июді бұйырар болса, әйелінің еріне бас июін бұйырар еді, себебі әйелдің ерінің алдындағы міндеттері зор»- деген.

Әйелі нифас және хайыз күндерінен және ауырған кездерінен басқа  кез-келген уақытта ерінің физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға дайын болуы тиіс. Ерінің алдындағы әйелдік міндеттерін атқармауына рұқсат жоқ.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с)  «Егер ері әйелін төсекке шақырғанда әйелі бас тартса, періштелер таң атқанша оған қарғыс айтып тұрады» - деген.

Алла елшісі (Оған Алланың раҚымы мен шапағаты болсын):  «Пайғамбарлығыммен ант етейін, әйел өз ерінің алдындағы міндеттерін толық атқармайынша, Жаратушысының алдындағы міндеттерін атқармайды»- деген.

Әрине, жыныстық қажеттілікті қанағаттандыру екі жаққа тең, әйелдің де бұған құқығы бар.

Әйелі қиын жағдайда еріне ашуланбауға тиіс, керісінше оған Жаратушы берген нығметтерге разылық танытып, үнемшіл болып, өзінің көмегі қажет болатын барлық жағдайда, барлық істе еріне көмектесуі қажет. Ерін тыйым салынған жолмен қаражат табудан сақтандырып отыруы тиіс.

Әйелдің ең үлкен міндеті Жаратқан өзіне берген нығметтерге разылық таныту, күйеуінен оның мүмкіндігі келмейтін дүниелерді талап етпеуі.

Алла елшісі: «Күйеуінің мүмкіндігінен жоғары дүниелерді талап еткен әйел, менің шапағатыма ие болмайды» - дейді.

Сонымен қатар ерінің алдында сұлулығымен, байлығымен мақтанып,  оның келбетінің көріксіздігін немесе кедейлігін бетіне басып төмендтепеуі тиіс.

Ұлы ғұлама Асмағий: «Бірде мен бір кеңістікке кіріп, күйеуі көріксіз ең сұлу әйелдің бірін көрдім де оған: «Көріксіз адамның әйелі болғаныңа ризасың ба?» - деп сұрадым. Ол: «Сен қателесесің, мүмкін ол Алла жолына адал шығар, сол үшін Алла мені оған сый еткен болар және мен Алла жолына адал емес шығармын. Алла маған сол үшін оны жаза еткен шығар. Алланың маған бергеніне мен неге риза болмайын» - деп жауап берді. Және осы жағдай мені таңқалдырды» - деген екен.

Ері қаламаса әйелі оның мүлкін біреуге беруге құқығы жоқ. Егер беріп қойса, ері сауап алып, әйелі күнәлі болады. Оған мұқтаждарға көмек болар нәрселерді беруге рұқсат. Мәселен аш адамға ауыз су, нан беріп, тамақтандыру сияқты. Ал егер өзінің істегеніне ерінің риза болатынын білсе рұқсат сұрамауына болады. Мысал үшін, күйеуінің риза болатынын біліп, біреуді тамақтандырса немесе садақа берсе еш қиындық болмайды, әрі ол өзіне лайық сый алады. Күйеуінің рұқсатынсыз үйден шығуына болмайды, ал егер күйеуінің рұқсат етерін білсе айыбы жоқ.

Ас дайындау, кір жуу сынды үйдің тірлігі әйелге тән. Алайда Алла елшісі сияқты ерінің жұбайына көмектескені абзал.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары