Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннаттағы байлықтар
04 маусым, 2021 жыл 340 Басып шығару нұсқасы

Кімде-кім жәннатқа кірсе одан шықпайды, онда мәңгі қалады. Алла Тағала Құранда: «Оған (жұмаққа) бейбіт күйде кіріңдер. Міне, осы –мәңгілік күн» (Қаф: 34-аят.). Хадисте: «Жәннатқа кіргендерге жаршы: «Сендер бұнда дендерің сау болып, ауырмайсыңдар. Мәңгі өмір сүріп, ауырмайсыңдар. Жас болып, қартаймайсыңдар. Дайым нығметте болып, жаманшылыққа ұшырамайсыңдар»,-деп жар салады. Кейін Алла Тағаланың мына аят каримасын оқыды: «Сонда (оларға): «Істеген (ізгі) істерің үшін мұраға алған жұмақтарың осы» (Ағраф: 43-ая) делінген түрде дабысталады.  

Адам баласы бұл дүниеде жәннат, тозақты көре алмағанымен Құран және хадистерде олардың хабары келгендіктен мұсылман адам оған иман келтіреді.  Алла Тағала бұл өмірде пенделерін бостан-босқа жаратқан жоқ. Оларды ақыреттегі мәңгілік өмірге жаратты. Пенде бұл дүниеден өтуімен не жәннаттық болады, не тозақтық болады. Кім дайым нығметті қаласа бұл өткінші өмірде өзінің жастық шағын, денсаулығын, байлығын, бос уақытын жақсы амалдарды жасаумен ғанимет тұтсын. Жәннат иман етіп, Алладан қорыққандардың орны. Ол жайында Алла Тағала Құранда бірнеше аятта айтқан. Солардың бірі Сәжде сүресінің17-аятында: «Һәм ешбір жан істеген ісінің сауабы ретінде олар (мүміндер) үшін көзайымдардан (жұмақ қызықтарынан) не жасырылғандығын білмейді» делінген.

Алла Тағала: «Салиқалы пенделерім үшін көз көрмеген, құлақ естімеген, адам баласының ойына келмеген нәрселерді әзірлеп қойдым»,-деген (Табарани). Жәннаттың дәрежелері көп. Убада бин Сомиттен жеткен хадисте: «Жәннатта жүз дәреже бар. Әр дәреженің аралығы жер мен көктің аралығындай. Фирдаус ең жоғарғысы. Одан жәннаттың төрт өзені ағады. Оның жоғарғысында арш орналасқан. Егер Алладан жәннатты сұрайтын болсаңдар Фердаус жәннатын сұраңдар»,-деген. Жәннатың дәрежелері адамдардың иманына, ықыластарына, салих амалдарының көптігіне қарай әр түрлі болады. Жәннатта алтын және күмістен құрылған қасырлар бар. Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім жәннатқа кірсе өлмей мәңгі тірі болады. Мәңгі нығметте болып, үмітсіз болмайды. Киімдері тозбайды, сондай-ақ әрдайым жас болып, қартаймайды. Сол уақытта: Уа, Расулуллаһ (с.а.у.). Оның құрылысы қандай деп сұралды. Кірпіштері күміс пен алтыннан, сылақтары хош иістен, жері шафраннан, тастары гауһар және жақұттан» (Табарани),- деп жауап берді. Әби Мәлик Ашариден келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жәннатта сыртынан іші, ішінен сырты көрінетін бөлмелер бар. Ол бөлмелер мұқтаждарды тамақтандырғандарға, жақсы сөз сөйлегендерге, оразасын ұстап, адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқығандарға»,-деді. Әбу Муса әл-Ашариден (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Момын адамға жаннатта ұзындығы алпыс мил болған інжу шатыры дайындалған. Бұл шатырда онымен бірге әйелі де тұрады. Басқа момын оны аралап келеді. Олар бір-бірін көрмейд»,-деді («Фатхул бари» 8\624). Жәннатта жүзімнен, құрмадан, анардан болған жемістерден бау-бақшалар бар. Бұл ағаштың жемістері еш бітпейді. Жәннатта сондай  ағаштар бар салт атты оның саясында жүз жыл шапса да оны жүріп өте алмайды. Әнас бин Мәлік (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.у.): «Расында, жаннатта бір ағаш бар, салт атты кісі оның саясында жүз жыл жүрсе де жүріп өте алмайды. Қаласаңдар Алла Тағаланың мына аятын оқыңдар: «Созылған көлеңке астында» (Уақиға: 30)», – деген.

Ендеше, осы нығметтерге бөлену үшін барынша салиқалы құлдан болуғы тырысайыұ!

Ей Алла! сенің разылығыңды және жәннатыңды сұраймыз. Сенің қаһарыңнан және тозағыңнан пана тілейміз. Біз сенен Фирдаус жәннатын сұраймыз. Жәннатқа жақындататын сөздерді, амалдарды орындауымызға жәрдем беруіңді сұраймыз. Бізге жәннатты нәсіп етіп, тозақ отынан сақта. Амин. 

 

 

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары