Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Перзенттің ата-ана алдындағы борышы
19 шілде, 2014 жыл 5633 Басып шығару нұсқасы

Перзенттің ата-ана алдындағы борышы Бүгінде XXI ғасыр ғой бала еркін жүру керек, сабағына дайындалсын кедергі келтірмейік өзі дайындалсын, өзі оқысын, кейбір мәселелерді өзі шешсін деп баланы еркіне жіберетін ата-аналар көбейіп келеді. Баланы еркіне жіберген соң буыны қатпаған жас не істемейді? Өзім білемге салынып, ата-анадын алшақтайды. Бір ата-аналар баласы кәмілет жасқа толғанда, тәрбие мәселесіне кешігіп қалғандарына өкінішін білдіреді. Айтқанына құлақ аспай, оларды ренжітетін жағдайлар да өзінара кездесіп жатады. Асыл дінімізде баланың ата-ана алдындағы парызы ең біріншіден ата-анасына құрмет көрсету деп айтылған. Қай кездеде ата-ананың жанынан табылып, оларға қамқорлық жасауы да үлкен парыз. Әке-шеше разылығын алған перзентінің орны арғы дүниеде жәннаттан деген. Сондай-ақ ата-анасының қалауын орындаған перзенттің үйі әрдайым берекелі, несібесі мол, бақытты болады. Ал ата-анасы қартайып қауқарсыз қалғанда, жағдайын біле тұрып қорлық көрсетсе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ондай перзент лағнетке ұшырайды», - деп айтқан. Ата-анамызды ренжіту, жанын ауырту Алла Тағалаға қарсы келумен тең. Және бір шындық Алла Тағала Мұса (ғ.с.) былай деп ескерткен: «Ей Мұса! Менің қасымда «жаман сөз» сондай ауыр, оның ауырлығы жер жүзінің топырағының салмағындай». Мұса (ғ.с.) «Уа, Раббым, ол қандай сөз», - деп сұрағанда Алла Тағала: «Ата-ана перзентін шақырғанда бармай, ешқандай құлақ аспай, жоқ бармаймын, сенің айтқаныңды тыңдамаймын»,- деп ерегісіп олардың көңілін қалдыратындай жаман сөз айтуы»,- деп жауап берген. Қадірлі оқырман асыл дінімізде перзентінің борышы жайында не айтылғанынан аз да болса хабардар еттік. Бүгінгі жастар ертеңгі ата-ана әр сөзімізге әр ісімізге, мұқият болайық. Жақсылық жасап, батасын ала жүргенміз абзал.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары