Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қурамайтын ағаш
20 маусым, 2014 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

Қурамайтын ағашЖаңадан құрылған бір отбасы. Үйленгендерінің алғашқы айларында ақ, “үйлену оңай, үй болу қиын” екенін анық түсінгендей. Бір бірін жақсы көрмейді емес, бірақ бұрынғыдай махаббат сезімдерін ашық айтуды былай қойып, бір сөз немесе бір түкке тұрмайтын оқиға араларында үлкен бір ұрысқа себеп бола алады.
Бір күні бәрін біржола шешу ниетімен әңгімелесуге отырады. Екеуі де ажырасуды қаламағанмен бірге, осындай қарым-қатынас одан ары бірге тұруды мүмкін қылмайтынын мойындайды.
Ер кісі, “ойыма мынандай бір ой келді” дейді. “Үй алдындағы бақшамызға бір ағаш отырғызайық. Бұл ағаш 3 ай ішінде қурап кетсе – ажырасамыз! Егер де ағаш қурамаса, отбасымызды сақтау үшін қайта отырып әңгімелесеміз. Осы уақыт ішінде де бөлек бөлмелерде тұратын боламыз.” Осындай ұсыныс қыздың да көңілінен шығады. Ертеңіне базарға барып жас алма ағашын сатып алады да, бірігіп сол ағашты отырғызады.
Бір ай өтіп, бір түні екі жас бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толған шелек…


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары