Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сұлтанмахмұт Торайғыров: ..."А,құдай өзің берден" түк шықпайды
23 ақпан, 2016 жыл 408 Басып шығару нұсқасы

089a23e32b529a1dcd590a69aaaa0ce4


Бүгіндегі жастарға оқу міндет,


Тек қана оқуменен өнер білмек,


Өнер-білім, адалдық, ар-намысты


Жоятын надандық қой емсіз індет.


Бар қиындық тек қана ғылым жеңбек,


Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.


Білімге ел боп аңсап құмарланса,


Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.


Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,


Оқу мен бірлік болса көзіне ілмек,


«А,құдай өзің берден" түк шықпайды,


Талаптанып талпынсаң сонда бермек.


Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек,


«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары