ЖАЙНАМАЗ АШЫҚ ТҰРСА, ШАЙТАН ОҚЫП КЕТЕДІ ДЕГЕН РАС ПА?

Ассалаумағалейкум! Жайнамаз жайылып тұрса, бір бұрышын қайырып қойып жатады, соның себебі не? Кейбіреулерден естуімше, ашық тұрған жайнамазға шайтан намаз кететін көрінеді, сол рас па

 

Уағалейкумассалам!

Шариғатымыз бойынша жайнамаз ашық не жабық тұрсын деп арнайы бекітілген үкім жоқ. Алайда, сіз айтқандай, халқымыздың арасында жайнамаз ашық тұрса, бір шетін бүктеп қоятын әдет қалыптасқаны рас. Себебін сұрасаңыз, «шайтан намаз оқып кетеді» деген жауап қайтарады.

Алланың қарғысына ұшыраған шайтанның «мүміндердің миғражы болған» намазды оқуы мүмкін бе? Әлбетте, жоқ!

Яғни, бұл адамдардың ойдан шығарған негізсіз пікірі. Егер жайнамаз жұқа болса жинап қояды, ал қалың болса төселіп тұра береді. Бір бұрышын қайырып қоюдың еш қажеті жоқ. 

Ғазиз Ахмет
«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін