Мекке қаласында Алла елшісінің (ﷺ) суреті бар ма?

Сұрақ:

Мекке қаласында Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сақталған суреті бар деп естідім. Сол рас па?

 
Жауап:

Бұл жалған сөз. Көзі тірі кезінде пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) суреті сызылмаған және сақталмаған. Өйткені, ол кезде сурет салу харам саналған. Әләуи тайпасы тарапынан хазреті Әлидің суреті сызылған дейді. Негізі шариғат бұған рұқсат етпейді. Бұндай сөздерге сенбеу керек. Оны «болуы мүмкін емес» деп қабылдаған дұрыс. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін