Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Ақмарал Леубаева
Ақмарал Леубаева (1969 жылы туған, Бәйдібек ауданы) – айтыскер ақын. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педогогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Қазір Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университетінің оқытушысы. Леубаева айтысқа 1988 жылдан қатыса бастады. Ол ақиық ақын М.Мақатаевтың 60, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 100, С.Қожановтың 150, Т.Рысқұловтың 100, ұлы Абайдың 150, жыр алыбы Жамбылдың 150, батыр Б.Бейсекбаевты еске алуға байланысты, Қарасай батырдың 300 жылдығына және ...
ОРАМАЛ
05 маусым, 2016 жыл 418 Басып шығару нұсқасы
Сезем, мүлде бәрінен бейхабарсыз, Әрі кетсе, ел айтқанды айта аларсыз.

Жауабын да күтпестен қайта-қайта,

Көп сауалды тек іштей қайталарсыз...

Жас адамның көрсетпесе заңдылығын

Кінәсі жоқ бұл қыздың жаулығының.

Еңсесін көтерсін деп ескерткенің –

Есіме көп жағдайды салды бүгін.

Елден ерек күйім емес дараланған,

Жаным аулақ жұрт ойлар жорамалдан.

Арымның адалдығын сақтау үшін,

Орамалмен осылай орап алғам.

Мүмкін жанға айналғанмын басқа білем,

Жұмбақ болып барамын досқа кілең.

Бір тал шашым секілді көрінбейтін,

Құпиямды жасырдым ақ шәліммен.

Адамды адам ар керек сүймек үшін,

Тура жолды табу – мендік күйдегі сын.

Ұялта да алмайды мені ешкім,

Ұятымның кимешек кигені үшін.

Бәрі тозар, өзгертер түсін, мейлі

Тек орамал тозбайды, кішірмейді.

Абыройдың аманат бұл пердесі –

Ешқашанда еңсемді түсірмейді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары