Демеймін мына тірлікте
Өзгеден көмек болмайды.
Береке басы бірлкте,
Ісіңді бірлік оңдайды.
Жекеше жүріп жол табам
Деген жан түбі оңбайды.
Ерінбей еткен еңбектің
Тамыры ешбір солмайды.
Дұрысы – адал адамды
Бір Алла ғана қолдайды.
Бәле мен түрлі жаладан
Бір Алла ғана қорғайды.
Пікірлер