Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Абдрахман Асылбек
Алла адамға пәнилік өмір берді, Өмір берді – сөнбейтін сенім берді.
Алла адамға пәнилік өмір берді, Өмір берді – сөнбейтін сенім берді. Ол сенімі – Алланы бір деп білу, Шетсіз, шексіз ғаламды нұр деп білу. Құдіретті иеге соның үшін, Әділдіктің құлдығы болу үшін, Алланың сол сенімін ақтадық па? Адамдықтың ақ жолын ...
Барлық мадақ Аллаға
13 қараша, 2020 жыл 938 Басып шығару нұсқасы
Иесі бар ғаламның, Барлық мадақ Аллаға. Алла деген адамның Серігі иман қайда да. Алла деген адамды Алла дәйім жақтайды. Көрсе-дағы жамандық, Алла одан сақтайды. Етсе де кім арамдық, Алла одан ақтайды. Алла деген адамды Қауым болып мақтайды. Ақ адамға қараулық Күйесін еш жақпайды. Аз жарақат жамандық Тәнге дақ боп қатпайды. Жасаған жан жамандық Өзі опа таппайды. Тіршілігін тәмам қып, О дүниеге аттайды. Жамандауға арамда Тіл-ауызым батпайды. Ондай арам адамды Қоғам болып соттайды. Кім жаны ашып жоқтайды? Дей көрмегін тіршілік Осылайша тоқтайды. Бәйтерекке бүр шығып, Өмір алға аттайды. Алла деген ар болмас, Ақыретте қор болмас. Алланы ұмытқан адамның Еш тілегі оң болмас. Алла деген адамның Серігі иман қайда да. Иесі бар ғаламның, Барлық мадақ Аллаға.

Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Алла деген адамды
Алла дәйім жақтайды.
Көрсе-дағы жамандық,
Алла одан сақтайды.
Етсе де кім арамдық,
Алла одан ақтайды.
Алла деген адамды
Қауым болып мақтайды.
Ақ адамға қараулық
Күйесін еш жақпайды.
Аз жарақат жамандық
Тәнге дақ боп қатпайды.
Жасаған жан жамандық
Өзі опа таппайды.
Тіршілігін тәмам қып,
О дүниеге аттайды.
Жамандауға арамда
Тіл-ауызым батпайды.
Ондай арам адамды
Қоғам болып соттайды.
Кім жаны ашып жоқтайды?
Дей көрмегін тіршілік
Осылайша тоқтайды.
Бәйтерекке бүр шығып,
Өмір алға аттайды.
Алла деген ар болмас,
Ақыретте қор болмас.
Алланы ұмытқан адамның
Еш тілегі оң болмас.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары