Тілдік нұсқа
Радио

АҚЫНДАР

Қалқаман Сарин
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (2-қаңтар, 1978 жыл, Арқат ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - ақын.
  Ол 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 - 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.
Мадақтап Мінсіз Алланы.
13 қараша, 2020 жыл 1724 Басып шығару нұсқасы
Жарлы жұртымның жағасы жыртық... Жар астында ма жақсылық? Кетіпті елдің арасын ірітіп, Жалғанды жалмап жоқшылық... Қайтады қашан қазақтың кегі, Жазмыш не дейді, көк аспан? Шекесіне оның азаптың мөрі. Басылған ба екен о бастан? Жер бетіндегі нала-сұмдықтың, Қасіреттердің көптігі... Олардың бәрі жанашырлықтың, Жанашырлықтың жоқтығы! Жаттайын тынбай аят-сүрені Мадақтап Мінсіз Алланы. Ойсыз күндерден, оятшы мені, Әдіре қалсын қалғаны...

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары