Тілдік нұсқа
Радио

Биография

Абдрахман Асылбек

Алла адамға пәнилік өмір берді, Өмір берді – сөнбейтін сенім берді.

Алла адамға пәнилік өмір берді,
Өмір берді – сөнбейтін сенім берді.
Ол сенімі – Алланы бір деп білу,
Шетсіз, шексіз ғаламды нұр деп білу.
Құдіретті иеге соның үшін,
Әділдіктің құлдығы болу үшін,
Алланың сол сенімін ақтадық па?
Адамдықтың ақ жолын аттадық па?
Жаратты Алла алдымен хайуанатты,
Содан кейін жаратқан адамзатты.
Түр бергенмен, хайуанға тіл бермеді,
Танитұғын Тәңірін дін бермеді.
Қандай ғажап зор салмақ, бой бергені,
Бір мысқалдай түйсік пен ой бергені.
Жаралған аң жаһанда шексіз алып,
Шектетілді шындықтан ессіз қалып.
Бабам айтқан: «Жандыда балық үлкен,
Ал, жансызда қамыс қой анық үлкен».
Мекендеген мұхитты китің болсын,
Құрлықтағы қасқыр мен итің болсын,
Әлділері әлсізін жей береді,
Жаралғанбыз сол үшін дей береді.
Сондықтан да, Алласын танымайды,
Жасадық деп қиянат налымайды.
Ал, адам ше? Адамның жөні бөлек,
Көрсетілген Құранда жолы ерек:
Бар адамзат Алланың құлы болмақ,
Құлы болса кеңпейіл – ұлы болмақ.
Ұлылықтың белгісі – әділ болмақ,
Әділ болса – тілегі қабыл болмақ.
Біреулерге кемтар деп, қарамасаң,
Өзіңді артық өзгеден санамасаң,
Жетім менен жесірге көмек берсең,
Сүрінгенге сүйеу боп, демеп келсең,
Кісі ақысын жемесең арам болып,
Жаралғаның жаны пәк адам болып;
Шұғылалы көңілі шуақ болмақ,
О дүниелік өмірі жұмақ болмақ.
Ал, зұлымдар мекені тозақ болмақ,
Көргендері мәңгілік азап болмақ
Өйткені, олар қайырсыз хайуандар,
Көптің қанын сорумен байығандар.
Жеген сайын жебір боп құныққандар,
Дәлірегі – Құдайын ұмытқандар.

бас мүфти блогы бас мүфти блогы
бас мүфти блогы бас мүфти блогы

Күнтізбе

Жоғары