Биография
Қазір Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университетінің оқытушысы. Леубаева айтысқа 1988 жылдан қатыса бастады. Ол ақиық ақын М.Мақатаевтың 60, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 100, С.Қожановтың 150, Т.Рысқұловтың 100, ұлы Абайдың 150, жыр алыбы Жамбылдың 150, батыр Б.Бейсекбаевты еске алуға байланысты, Қарасай батырдың 300 жылдығына және көрнекті жазушы С.Мұқановтың 100 жылдық мерейтойларына орай өткен республикалық, халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрген дәулескер ақын.